Төрешов Орынбек (30 Сәуір 1930 жылы туған, Қармақшы кенті) – агроном, ауыл шаруашылығы ғылымының докторы (1965).

Қысқаша өмірбаяны: 1950 жылы Қазақ ауыл шаруашылығы институтын (ҚазҰАУ) бітірген. 1950 – 1951 жылдары Қармақшы ауданы ауыл шаруашылығы бөлімінде бас агроном. 1951 – 1955 жылдары Қазақ егін шаруашылығы ғылыми-зерттеу институтында аспирант. 1955 – 1959 жылдары осы институтта ғылыми қызметкер. 1959 – 1964 жылдары диссертациялық кеңестің ғалым-хатшысы. 1964 – 1970 жылдары суармалы егіс лабораториясының меңгерушісі. 1970 – 2004 жылдары Қазақстан Республикасы ғылым академиясының В.Г.Вильямс атындағы егіншілік ғылыми-зерттеу институтында бөлім бастығы қызметтерін атқарған.

110-нан астам ғылыми еңбектің авторы, оның ішінде 3 монография бар. Медальдармен марапатталған.Қазақстан ұлттық энциклопедиясы

Дереккөздер: