Мұқан Тұңғышбайұлы Кенжебаев (11.5.1927 жылы туған, Қызылорда қаласы) 1983 - тарих ғылымының докторы, 1987 - профессор. 1948 - Қызылорда педагогикалық институтын (қазіргі Қызылорда мемлекеттік университеті) бітірген. 1948-1974 - Қызылорда педагогикалық институтында оқытушы, аға оқытушы, доцент, кафедра меңгерушісі, 1974-1985 - Тарих ғылыми-зерттеу институтында аға ғылыми қызметкер, 1985 - Жамбыл жеңіл және тамақ өнеркәсібі технология институтының Алматы бөлімшесінде кафедра меңгерушісі қызметтерін атқарды.

Негізгі ғылыми еңбектері Қазақстан ауыл шаруашылығындағы партия басшылығы мәселелеріне арналған. «Құрмет Белгісі» орденімен және медальдармен марапатталған.Қазақстан Республикасының Ғылым Энциклопедиясы

Дереккөздер

Санат:Тұлғалар