thumb|180px |right Михаил Михаилович Сперанский (1.1.1772, Владимир губерниясы, Черкутино с. – 11.2.1839, Санкт-Петербург) – Ресей мемлекеттік қайраткері, граф (1839).

1791 жылы Санкт-Петербург діни академиясын бітірген. 1803 – 07 жылы Ішкі істер министірлігі департаментінің директоры. 1807 жылдан император Александр І-нің статс-хатшысы, 1808 жылдан заң құрастыру комиссиясының мүшесі, заң министрінің серігі. Мемлекетті қайта құру жоспары (1809) бойынша Сперанский төңкерісті болғызбау үшін үкіметке конститутциялық монархия түрін енгізуді ұсынды. Сперанскийдің ішкі және сыртқы саясаттағы көзқарастары помещиктердің наразылығын туғызды. 1812 жылы Сперанский Нижний Новгородқа жер аударылып, кейін Пермьге жіберілді. 1816 жылы Сперанский Пензаның азаматтық губернаторы, 1819 жылы Сібірдің генерал-губернаторы болып тағайындалды. “Сібір қырғыздары туралы жарғының” авторы болды. Сперанский мемлекеттік кеңестің және Сібір кенестінің мүшесі ретінде Сібір халықтарын басқару жөнінде отарлық сипаттағы бірқатар заңдардың жобаларын әзірлеуге жетекшілік етті. Сперанскийдің басқаруымен 45 томдық Ресей империясы заңдарының толық жинағы (1830) шығарылды. 1838 жылы мемлекеттік кеңестің заң департаментінің төрағасы болды.Қазақ энциклопедиясыСаяси түсіндірме сөздік. – Алматы, 2007. ISBN 9965-32-491-3

Дереккөздер

Санат:12 қаңтарда туғандар Санат:1772 жылы туғандар Санат:Владимир облысында туғандар Санат:23 ақпанда қайтыс болғандар Санат:1839 жылы қайтыс болғандар Санат:Санкт-Петербургте қайтыс болғандар Санат:Әулие апостол Андрей Первозванный орденінің иегерлері Санат:2 дәрежелі Әулие Владимир орденінің иегерлері Санат:3 дәрежелі Әулие Владимир орденінің иегерлері Санат:Алмасты Әулие Александр Невский орденінің иегерлері Санат:Қылышты I дәрежелі Әулие Анна орденінің иегерлері Санат:Әулие иерусалимдік Иоанн (Ресей) орденінің иегерлері Санат:Пенза губернаторлары Санат:Сперанскийлер Санат:I Александр реформасы Санат:Ресей масондары Санат:Ресей империясы Мемлекеттік кеңесі мүшелері Санат:Сібір генерал-губернаторлары Санат:Ресей академиялары мүшелері Санат:Петербург ғылым академиясы құрметті мүшелері Санат:Ресей империясы мемлекеттік хатшылары Санат:Або корольдік академиясы тұлғалары Санат:Ресей империясы сенаторлары Санат:Владимир діни семинариясы түлектері Санат:Тихва зиратында жерленгендер Санат:Финляндия істері жөніндегі статс-хатшылар Санат:Монархтар тәрбиелеушілері