БАЙБОСЫНОВ Байсейіт (1905, Көкшетау уезі, Шалқар болысы — 1994, бұрынғы Көкшетау облысы Айыртау ауданы Қосағаш шатқалы) — жырау, суырып салма ақын. 1932 — 37 ж. репрессияға ұшыраған. 2-дүниежүз. соғысқа қатысқан. Көп жылдар бойы Көкшетау филармониясында еңбек еткен. Көкшетау, Солт. Қазақстан, Ақмола, Қостанай облыстарының ауылдарын аралап концерт қойып, «Алтын балық», «Мұңлық-Зарлық», «Шәкір-Шәкірат», «Едіге», т.б. дәстүрлі қазақтың жыр-дастандарын, қиссаларын орындаған. Облысы және респ. айтыстарға қатысқан.

Руы - Ноғай-Қарауылға жататын Кегі, Дауыл, Ожан, Боқан, Қарасарт дейтін бес атаның Қарасарт бұтағынан.

Портреті

Байсейіт жырау қарасұр, ашаңау дөңгелек жүзді, томпақ бет, сиректеу қияқ қара мұрты бар, қысқа да жуантық мойынды, тістері маржандай, етжеңділеу, төртпақ, балуан тұлғалы, орташалау бойлы, жауырынды, өте кішіпейіл, жымиып қана биязы сөйлейтін, баладай аңғал да ойыншыл, сайық-сайранға, той-думанға шақырса тағат таппай баруға іңкәр жанЕсекеев Ж.Қ., Айыртау арыстары (Деректі әңгімелер мен естеліктер, эсселер). Көкшетау, 2000ж. 135 бет.

Дереккөздер "Қазақ Энциклопедиясы"