Рашид Төлеутайұлы Түсіпбеков (28 қаңтар 1955, Шымкент) — қазақстандық мемлекеттік қайракткер, бас прокурор (2000—2009), әділет министрі (2009—2012), қаржы полициясы (2012—2014), 2-сыныпты мемлекеттік әділет кеңесшісі.

Қысқаша өмірбаяны Арғын тайпасының Қуандық руының Мұрат бөлімінен шыққанАлтай шежіресі, жауапты редактор -- Хакім Омар, Құрастырушы Ісләмов Ібрахым (Жақан). Алматы, «Темірқазық» баспасы, 2014. 1962 жылы Қарағанды қаласында тұрды, 1976 жылы ондағы № 3 орта мектепті бітірді. Мектепті аяқтаған соң Қарағанды облысы атқару комитетінің өрттен қорғау қызметінде жүргізуші болып жұмыс істеді. 1976 жылы тамыздан — 1981 жылы әскерден оралған соң Қарағанды мемлекеттік университеті заң факультетінің күндізгі бөлімінің бірінші курсына қабылданып, оны өте жақсы бағамен аяқтады. Қарағанды қаласы Совет аудандық халық сотында үш айлық сынақтан өткен соң 1981 жылы қараша айында халық судьясы болып тағайындалды. 1984—1993 жжылы Қарағанды облысы Нұра аудандық соты төрағасының қызметін атқарды. 1993—1999 жжылы Қарағанды облыстық сотының төрағасы болды. 1999 жылы сәуір айынан Қазақстан Жоғарғы Соты қылмыстық істер жөніндегі сот алқасының төрағалығына тағайындалды. Қазақстан Республикасының Жоғарғы Соты төрағасы міндетін атқарды. 2000 жылы қазан айынан желтоқсан айына дейін Қазақстан Республикасының Жоғарғы Соты жанындағы Сот әкімшілігі жөніндегі комитеттің төрағасы болды. 2000 жылы желтоқсанның 21-інде Қазақстан Республикасы Президентінің Жарлығымен Қазақстан Республикасының Бас Прокуроры болып тағайындалды. 2005 жылы желтоқсанның 15-інде Қазақстан Республикасы Президентінің Жарлығымен Қазақстан Республикасының Бас Прокуроры болып екінші рет конституциялық мерзімге тағайындалды. 2009 жылы сәуірдің 2-інде Қазақстан Республикасының Әділет министрі. 2012 жылы қаңтардың 21-інен Қазақстан Республикасы Экономикалық және сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес агенттігінің (қаржы полициясы) төрағасы. 2014 жылғы тамыздың 11-інен Қазақстан Республикасы Жоғары Сот кеңесiнiң төрағасы. 2015 жылғы 26 тамыздан - Қазақстан Республикасы Парламенті Сенатының депутаты.

Қосымша лауазымдар «Закон и время» журналы редакция алқасының төрағасы

Марапаттары Мемлекет алдындағы қызметі, еліміздің әлеуметтік-экономикалық және мәдениетті дамытуға қосқан елеулі үлесі үшін 2003 жылдың 8 желтоқсанда 2 дәрежелі «Барыс» орденімен марапатталды. Сонымен қатар Қазақстан Республикасының Президентінің алғыс хатын алған.

Шендері Мемлекеттік 2-ші дәрежелі әділет кеңесшісі сыныптық шені бар.

Отбасы Үйленген. Жұбайы - Түсіпбекова Күләш Аташқызы (1955 жылы туған). Ұлдары: Жанат Түсіпбеков (1977 жылы туған) - «Біріккен химиялық компаниясының» директорлар кеңесінің төрағасы (2021-2022), «KMG International N.V. Group» бас директоры (2012-2019), «ҚазМұнайГаз компаниясының» сыртқы өңдеу және маркетинг жөніндегі басқарушы директоры (2013-2016), «ҚазМұнайГаз компаниясы» төрағасының кеңесшісі (ақпан 2012-мамыр 2012), «ҚазМұнайГаз компаниясының» төрағасы (2011-2012), «ҚазМұнайГаз Өнімдері» төрағасы (2009-2011). Әйелі Жанна Төлеутайқызы Түсіпбекова. Балалары: Жәңгір (2000 жылы туған), Нұржан (2002 жылы туған), Балнұрдін (2006 жылы туған), Самат (2014 жылы туған) Түсіпбеков Мұрат (1980 жылы туған), Түсіпбеков Замир (1985 жылы туған), Төлеутай Нұраби (1991 жылы туған).

Дереккөздер

Санат:Қазақстан мемлекет қайраткерлері Санат:Қазақстан әділет министрлері Санат:Қазақстан Бас Прокурорлары Санат:Қазақстан судьялары Санат:Қазақстан Жоғарғы Сотының төрағалары Санат:Қазақстан Парламенті Сенатының депутаттары Санат:Барыс орденінің иегерлері Санат:Парасат орденінің иегерлері Санат:Қазақстан Конституциясына 10 жыл медалінің иегерлері Санат:Астанаға 10 жыл медалінің иегерлері Санат:2 дәрежелі Барыс орденінің иегерлері