Беген — Абай облысы Бесқарағай ауданындағы ауыл, Беген ауылдық округі орталығы.
Географиялық орны Аудан орталығы - Бесқарағай ауылының солтүстік-батысында 51 км жерде, Балапан жонының Құлынды жазығына ұласар тұсында орналасқан. Ауыл айналасы қарағайлы орман.
+ Халқының саны (2009, 2021)2021 жылғы ұлттық халық санағының қорытындылары 2009 2021 2021 2009-ға пайызбен Ерлер 2009 Ерлер 2021 2021 2009-ға пайызбен Әйелдер 2009 Әйелдер 2021 2021 2009-ға пайызбен1507 1133 75,2 762 581 76,2 745 552 74,1
Бұрынғы “Беген“ қой кеңшарының негізінде акционерлік қоғам, шаруа (фермер) қожалықтары құрылған. Ауылда тұрмыс қажетін өтеу комбинаты, мәдени-ағарту, денсаулық сақтау мекемелері бар. Тұрғындары басқа елді мекендермен автомобиль жолы арқылы қатынасады.
Дереккөздер
Санат: Бесқарағай ауданы елді мекендері