Сарықасқа — Ертіс алабындағы тұйық көл.
Географиялық орны Қарағанды облысының Қарқаралы ауданы жерінде орналасқан.
Гидрографикасы Ауданы 10,2 км2. Ұзындығы 6 км, ені 2 км-ге жетеді. Жағалау сызығы 19 км.
Жағалау сипаты Жағалары оңтүстігінде тік жарлы, солтүстігінде жайпақ, сортаңды. Қар, жер асты суымен толығады. Оңтүстігіне кішігірім өзеншелер құяды. Суы тұзды. Алқабы — жайылым.Қарағанды. Қарағанды облысы: Энциклопедия. - Алматы: Атамұра, 2006. ІSBN 9965-34-515-5
Дереккөздер
Санат:Қарқаралы ауданы көлдері Санат:Ертіс су алабы