Сарымсақты жотасы – Оңтүстік Алтайдағы таулы жота.

Географиялық орны Шығыс Қазақстан облысы Катонқарағай ауданы жерінде орналасқан. Батыстан (Нарын жотасының шығысынан) шығысқа қарай 60 км-ге созылып жатыр. Ең биік жері – Бүркітауыл (3373 м). Мұздықтары бар. Күршім, Бұқтырма, Нарын өзендерінің суайрығы саналады.

Геологиялық құрылымы Сарымсақты жота гранит, тақтатас, құмтастан түзілген.

Өсімдігі Таулы жотаның солтүстік беткейінде 2300 - 2400 м биіктікке дейін орман ағаштары; ал солтүстік беткейінің төменгі бөлігінде және оңтүстік беткейінің альпілік белдеуіне дейін қуаң дала өсімдігі өседі.Қазақ энциклопедиясы, 7 том

Дереккөздер

Санат:Катонқарағай ауданы таулары