Роборовский атжалманы () — аламантәрізділер тұқымдасының атжалман туысына жататын кеміргіш. Қазақстанда Зайсан қазаншұңқырының шығыс жағындағы Қара Ертіс жайылмасындағы құмды жерлерді ғана мекендейді. Қазақстанда кездесетін атжалмандардың ішіндегі ең ұсағы (дене тұрқы 75 — 90,5 мм, салмағы 17,5 — 26 г). Күндіз інінде жатады да, түнде қорегін іздеуге шығады, негізінен жеке-жеке тіршілік етеді. Өсімдіктердің тұқымдарымен, жапырақтарымен және ұсақ жәндіктермен қоректенеді. Ініне азықтық қор жинайды. Роборовский атжалманының аналықтары жылына екі рет 4 — 8-ден ұрпақ туады. Өте сирек кездеседі, таралу аймағы өте шағын, сондықтан қорғауға алынып, Қазақстанның “Қызыл кітабына” енгізілген.Қазақ энциклопедиясы, 7 - томКрасная книга, 3 изд., А., 1996.
Дереккөздер
Санат:Кеміргіштер Санат:Қазақстанның Қызыл кітабына енген сүтқоректілер