Петр Константинович Жуков (1914 жылы туған) – әскери қайраткер. Кеңес Одағының Батыры (17.11.1943). Соғыстың алдында бірнеше жыл Мақтаарал ауданында тұрған. 1937 жылы Қызыл Армия қатарына шақырылды. 1943 жылы қараша айында 318-атқыштар дивизиясының гвардия капитаны Жуковтың батальоны Керчь бұғазынан өтіп, Эльтиген ауданы үшін шайқаста асқан ерлік көрсетті, жаудың екі дзотының үнін өшіріп, мина алаңдары мен тікенді темір қоршауларын бұзып өтті, екі тәулік бойы немістердің шабуылына төтеп берді. Эльтиген ауданын жаудан азат етудегі жанқиярлық ерлігі үшін Жуковқа Кеңес Одағының Батыры атағы берілді. Ленин, 2-дәрежелі Отан соғысы ордендерімен, медальдармен марапатталған.Оңтүстік Қазақстан облысының энциклопедиясы

КСРО Жоғарғы Кеңесі Президиумының 1943 жылғы 17 қарашадағы жарлығымен «Неміс басқыншыларына қарсы күресте көрсеткен ерлігі, батылдығы және қаһармандығы үшін» капитан Петр Жуковқа Ленин орденімен және № 2185 «Алтын Жұлдыз» медалімен Кеңес Одағының Батыры жоғары атағы берілді.

Сондай-ақ Александр Невский және 2-дәрежелі Отан соғысы ордендерімен, бірқатар медальдармен марапатталған.  1944 жылдан Теміргоевская ауылының тұрғыны.

Соғыс аяқталғаннан кейін Жуков запасқа ауыстырылды.  Отанына оралып, ауыл шаруашылығымен айналысты.  1967 жылы 3 маусымда қайтыс болды.

Дереккөздер

Санат:Кеңес Одағының батырлары