Орумберт Мефодьевич Ким (1935 жылы туған, Қарағанды облысы Балқаш қаласы) – медицина ғылымының докторы (1989). 1959 - Алматы мемлекеттік медицина институтын (қазіргі Қазақ ұлттық медицина университеті) бітірген. 1961-1964 - Ленинград қаласындағы Онкология институтында (қазіргі Санкт-Петербург қаласы) аспирант, 1964-1969 - Қазақ онкология және радиология ғылыми-зерттеу институты мен 1969-1971 - ҚР Мемлекеттік аттестациялық комитетінде қызметкер,

Семей мемлекеттік медицина академиясында кафедра меңгерушісі қызметтерін атқарған. Кимнің 90-нан астам ғылыми еңбегі, 1 монографиясы жарық көрген.Қазақстан Республикасының Ғылым Энциклопедиясы

Дереккөздер

Санат:Тұлғалар