Нұртаза Абдрахманов (21 мамыр, 1948, Сырдария ауданы Бірқазан ауылы) – физика-матемитика ғылымының кандидаты (1985), профессор (1996).
Өмірбаяны Қызылорда педагогика институтын бітірген. Киев мемлекеттік университетінің аспирантурасын (1985) бітірген. 1973 жылға дейін Сырдария ауданы мектептерінде мұғалім 1973 – 85 ж. қазіргі Қорқыт Ата атындағы Қызылорда мемлекеттік университетінде аға зертханашы, аға оқытушысы 1991 – 99 ж. Қызылорда гуманитарлық университетінің проректоры 1999 – 2001 ж. кафедра меңгерушісі 2001 жылдан осы университеттің физика-матемитика факультетінің деканы қызметтерін атқарған.
Ғылыми еңбектері Абдырахмановтың негізгі ғылыми еңбегі «Табиғи плазмалық ортақ зерттеуге арналған. 80-нен аса ғылыми еңбегімен қоса «Физические процессы происходящих в плазме метеорных следов» (1994) атты монографиясы жарық көрген.
Жетістіктері ҚР білім беру ісінің үздігі."Қазақ Энциклопедиясы"
Дереккөздер
Санат:21 мамырда туғандар Санат:1948 жылы туғандар Санат:Сырдария ауданында (Қызылорда облысы) туғандар Санат:Физика-математика ғылымдарының кандидаттары Санат:Қазақстан физиктері Санат:Қызылорда гуманитарлық университетінің профессорлары Санат:Қазақстан білім беру ісінің үздіктері Санат:Қорқыт Ата атындағы Қызылорда мемлекеттік университеті түлектері