Қысқаша сипаттама

Жүйе, геологиялық жүйе – геологиялық кезең мезгілінде жиылған, ішінде түрлі жануарлар (фауна) мен өсімдіктердің (флора) қазба қалдықтары бар тау жыныстарының жиынтығы; жалпы геохронологиялық шкаланың негізгі бөлінімі. Геологиялық Жүйе Жер қыртысы мен органик. әлемнің дамуының белгілі бір сатысын межелейді. Жүйе геологиялық ярустарға бөлінеді, бірнеше геологиялық Жүйені геологиялық топқа (қ. Эратема) біріктіреді. Геологиялық Жүйенің аттары және олардың тетелестігі 1881 жылы Халықаралық геологиялық конгрестің 2-сессиясында бекітілді. Қазір кембрий, ордовик, силур, девон, карбон, пермь, триас, юра, бор, палеоген, неоген, антропоген сияқты геологиялық Жүйелер бар.Қазақ энциклопедиясы

Сілтемелер Кембрий кезеңі Ордовик кезеңі Силур кезеңі Девон кезеңі карбон Пермь жүйесі Триас кезеңі Юра кезеңі Бор кезеңі Палеоген кезеңі Неоген кезеңі антропоген

Дереккөздер

Санат:Геологиялық кезеңдер