ӘЛІПБЕКИ Оңғарбек Әліпбекұлы – биология ғылымдарының докторы, профессор, Халықаралық ақпараттандыру академиясы [] және Қазақстан ұлттық жаратылыстану ғылымдары академиясы академигі.

Ағымдағы негізгі ғылыми зерттеу бағыттары: Жер ресурстарын басқару, дәл ауылшаруашылық (дәл егіншілік + дәл мал шаруашылығы), радиоэкология.

Негізгі ғылыми-техникалық жетістіктер: Қазақстан Республикасының (ҚР) ғарыштық технологияларын, бағдарлама жетекшісінің орынбасары ретінде, дайындау, өндіріске енгізу және біріктіре коммерцияландыру. Республиканың «цифрлық дәуірге» өтетінін ғылыми көрегендік арқылы алдын ала біліп, екі ұлттық масштабтағы тұжырымдамалар дайындау [«Концепция создания и развития национальной инфраструктуры пространственных данных Республики Казахстан до 2020 года», 2013; Концепция внедрения системы точного земледелия в Республике Казахстан, 2014]. Олардың жүзеге асыру жоспарларын жасау, пилоттық зерттеу жұмыстарын орындау, коммерцияландыру. Тұжырымдамаларда дәлелденген ғылыми-техникалық бағыттар «Цифрлы Қазақстан 2020» мемлекеттік бағдарламасы аясында жүзеге асыруға қабылданды. Олар - ҚР Ұлттық кеңістіктік деректер инфрақұрылымы және дәл егіншілік; Білім саласындағы негізгі жетістіктер: ҚР жоғарғы оқу орындарының Үздік оқытушысы; ҚР Президентінің "Болашақ" халықаралық біліми бағдарламасының жүлдегері; «Жаңа инновациялық дәл ауылшаруашылығы курстары» («New and Innovation Courses for Precision Agriculture» - NICOPA) - Еуропалық одақтың Эразмус+ «Жоғарғы білім потенциалын көтеру» бағдарламасы аясынан берілген грант иегері; "Қазақстан Ғарыш Сапары" АҚ компаниясында дайындалған ғарыштық және геоақпараттық технологиялар саласындағы жоғары білікті мамандар мектебі. Өндіріс саласындағы негізгі жетістіктер''': ҚР Жерді қашықтан зондтау ғарыштық жүйесі; ҚР геоақпараттық жүйесі; Шортанды ауданының кеңістіктік деректер инфрақұрылымы; Шу ауданының ғарыштық технологиялармен интеграцияланған жер кадастры және т.б. жеті жер санаттарын қамти отырып өндіріске енгізілген әртүрлі экономикалық салалардағы жүйелі геоақпараттық өнімдер.

Санат:1951 жылы туғандар