Бүркірек Марқадамұлы (1646, Қызылорда облысы Арал ауданы Ақшатау ауылы – 1726, Бұланты) — батыр. Кіші жүздегі Әлім тайпасының Шекті руынан шыққан. Жоңғарларға қарсы күресте қазақ жасағының бір бөлігін басқарған. Ел арасындағы аңыздарға қарағанда, Бүркірек қалмақ ханы Аюкенің қазақтарға жасаған жорығын тоқтатқан. 1717 жылы Бекович-Черкасский экспедициясын талқандауға қатысқан. Бүркірек батыр Бұланты-Білеуті шайқасында қаза тапқан.“Қазақ Энциклопедиясы”, 2 том.

Дереккөздер

Санат:Қазақ батырлары Санат:1646 жылы туғандар Санат:Арал ауданында туғандар Санат:1726 жылы қайтыс болғандар Санат:Ұлытау ауданында қайтыс болғандар Санат:Қазақ-жоңғар соғысына қатысушылар