Шайдана — Жамбыл облысы Жамбыл ауданындағы ауыл, Қарасу ауылдық округінің құрамында.
Географиялық орны Аудан орталығы - Аса ауылынан солтүстікке қарай 7 км-дей, округ орталығы - Ащыбұлақ ауылынан солтүстік-батысқа қарай 1 км-дей жерде, Тасарық өзенінің аңғарындағы шөлейт белдемде орналасқан.
Халқы + Саны (2009, 2021)2021 жылғы ұлттық халық санағының қорытындылары 2009 2021 2021 2009-ға пайызбен Ерлер 2009 Ерлер 2021 2021 2009-ға пайызбен Әйелдер 2009 Әйелдер 2021 2021 2009-ға пайызбен470 713 151,7 241 378 156,8 229 335 146,3
Тарихы Ауыл 1964-96 жылдары қой өсірумен айналысқан кеңшар бөлімшесінің орталығы болған. Оның негізінде 1997 жылдан Шайданада шаруа қожалықтары жұмыс істейді.
Шайдана - өз заманында ақылды, үлкен-кішіге құрметті азаматша болған. Мұсылманша оқыған, жетім, жесір кісілерге қайырымдылық жасап отырған, сол кісінің құрметіне бұл ауылға Шайдана атауы берілген.Жамбыл облысының топономикалық атауларының анықтамалығы
Дереккөздер
Санат:Жамбыл ауданы (Жамбыл облысы) елді мекендері