Батпақты — Қарағанды облысы Осакаров ауданындағы ауыл, Батпақты ауылдық округі орталығы.
Географиялық орны Аудан орталығы – Осакаровка кентінің оңтүстік-шығысында 18 км жерде, қараған, тобылғы аралас боз, селеу, жусан, сораң өскен шөлейтті дала белдемінде орналасқан.
Халқы + Саны (1999, 2009, 2021)2009 жылғы Қазақстан Республикасы халқының Ұлттық санағының қорытындылары. Астана 2011. 1 том 2021 жылғы ұлттық халық санағының қорытындылары1999 2009 2021 2021 2009-ға пайызбен Ерлер 2009 Ерлер 2021 2021 2009-ға пайызбен Әйелдер 2009 Әйелдер 2021 2021 2009-ға пайызбен13991000 907 90,7 479 455 95 521 452 86,8
Тарихы Іргесі Батпақсу деген қоныста 1909 жылы қаланған. Жақын темір жол стансасы - Ақтасты (15 км). Бұрынғы В.Пик атындағы кеңшар негізінде сүт, астық өндіретін акционерлік қоғам жұмыс істейді.
Инфрақұрылымы Батпақтыда орта мектеп, клуб, дәрігерлік-амбулаториялық пункт бар. Ауыл арқылы Қарағанды — Астана автомобиль жолы өтеді.
Дереккөздер
Санат:Осакаров ауданы елді мекендері