Татреңтәрізділер () – құстардың бір отряды.
Арғы тегі тырнатәрізділер деп есептелінеді. Эоцен дәуірінен белгілі. Татреңтәрізділер негізінен теңіз жағалауларында, ормандарда, шалғындар мен далалы аймақтарда, батпақты-сулы жерлерде тіршілік етеді. Арктикадан Антарктика жағалауларына дейін кездеседі. 8 тұқымдасы, 300-ден астам түрі белгілі.
Қазақстанда 8 тұқымдасқа (балшықшы, татрең, бізтұмсық, қарала балшықшы, тауқұдірет, қарақас, қаратұмсық шағалалар, т.б.) жататын 74 түрі бар. Қысы қатты жерлерде – жыл құсы. Татреңтәрізділердің жерге не тау беткейлеріне, кейде індер мен тастардың арасына салған ұяларының беті ашық болады. Ұясына 2 – 4 жұмыртқа салады, оларды мекиені мен қоразы кезектесіп басады. Көпшілік түрі моногамды және шоғыр құрып, ұя салады. Татреңтәрізділер жәндіктер және олардың дернәсілдерімен, ұлулар, шаянтәрізділер, құрттар және ұсақ кемірушілермен қоректенеді. thumb|left|Көл шағала
Халықаралық табиғат қорғау одағының “Қызыл кітабына” Татреңтәрізділердің 14 түрі, ал Қазақстанның “Қызыл кітабына” 7 түрі (тарғақ, орақтұмсық, тарбақ шырғалақ, қарабас өгізшағала, реликт шағала, құртамыш шалшықшы және шитұмсық шалшықшы) енгізілген.Қазақ энциклопедиясы
Дереккөздер
Санат:Татреңтәрізділер