Қобан (, , , , , , Гипанис, ) – Солтүстік Кавказ маңайындағы, Ресей Федерациясының өзені.
Ұлықам және Ұшқұлан өзендерінің қосылуынан құралады. Эльбрустағы Ұлықам мұздығынан басталып, Азов теңізінің Темрүк шығанағына құйылады.
Ұзындығы 870 км (Ұлықам саласынан 906 км), су жиналатын алабы 57900 км². Бастауынан Невинномыск дейін көбіне терең және тар шатқалмен ағады, арнасы шоңғалды, орта ағысында кең аңғармен өтеді. Лаба сағасынан төменде суы молайып, жайылмасының ені 20 км-ге (сағасы тұсында 3 – 4 км) жетеді. Невинномыск тұсында аттас каналға су жіберіп тұратын бөгет бар.
Санат:Ресей өзендері