Владиллен Александрович Козлов (27.10.1934 жылы туған, Ресей, Владимир облысы Судогда ауданы Мошок селосы) – техника ғылымының докторы (1990), профессор (1991).
1958 - Мәскеу химия-технология институтын бітірген. 1958-1970 - Үлбі металлургия зауытында (Өскемен қаласы) шебер, бөлім бастығы, цех технологы, зерттеуші-инженер, лаборатория жетекшісі, 1971-2001 - Металлургия және кен байыту институтында аға ғылыми қызметкер, лаборатория меңгерушісі болды. 2001 жылдан Қазақстанның Минералдық шикізатты кешенді пайдалану ғылыми орталағында лаборатория жетекшісі.
Козловтың негізгі ғылыми еңбектері марганецтің қатысымен титан-магнетиттерден ванадийді бөліп алуға арналған.
Козловқа ванадий өндірісінде экстракциялық технологияны жасап, енгізгені үшін КСРО Мемлекеттік сыйлығы (1988) және Қазақстан Мемлекеттік сыйл. (2001) берілді.Қазақстан Республикасының Ғылым Энциклопедиясы
Дереккөздер
Санат:27 қазанда туғандар Санат:1934 жылы туғандар Санат:Судогда ауданында туғандар Санат:Техника ғылымдарының докторлары Санат:Мәскеу химия-технологиялық институты түлектері Санат:КСРО мемлекеттік сыйлығының иегерлері Санат:Қазақстан мемлекеттік сыйлығының иегерлері