Георгий Афанасьевич Коломакин (5.5.1902, Ростов облысы Каменск ауданы Каменское селосы – 28.11.1974, Мәскеу қаласы) – ветеринария ғылымдарының докторы (1964).
Мәскеу зоотехникалық-малдәрігерлік институтын бітірген (1931). 1931-1937 - Қызыл Армияда және 1937-1940 - Мәскеу облысында мал дәрігері, Бүкілодақтық эксперименттік медицина институтында ғылыми қызметкер, 1941-1968 - Талдықорған ғылыми-зерттеу станциясында ғылыми қызметкер, бөлім меңгерушісі, 1968-1973 - Қазақ малдәрігерлік ғылыми-зерттеу институтында лаборатория меңгерушісі қызметтерін атқарған.
«Бруцеллез в Алма-Атинской области Казахской ССР и борьба с ним» деген тақырыпта докторлық диссертация қорғаған. Негізгі ғылыми еңбектері эпизоотология мәселелеріне арналған.Қазақстан Республикасының Ғылым Энциклопедиясы
Дереккөздер
Санат:5 мамырда туғандар Санат:1902 жылы туғандар Санат:Каменск ауданында туғандар Санат:28 қарашада қайтыс болғандар Санат:1974 жылы қайтыс болғандар Санат:Мәскеуде қайтыс болғандар Санат:Қазақстан ветеринарлары Санат:Ветеринария ғылымдарының докторлары Санат:Мәскеу зоотехникалық-малдәрігерлік институты түлектері Санат:Бүкілодақтық эксперименттік медицина институты қызметкерлері Санат:Қазақ малдәрігерлік ғылыми-зерттеу институты қызметкерлері