Қызылоба — Батыс Қазақстан облысы Жаңақала ауданындағы ауыл, Қызылоба ауылдық округі орталығы.

Географиялық орны Аудан орталығы - Жаңақала ауылынан солтүстік-шығысқа қарай 53 км жерде, Көшім өзенінің сол жағалауында орналасқан.

Халқы 1999 жылы тұрғындар саны 1524 адам (755 ер адам және 769 әйел адам) болса, 2009 жылы 1646 адамды (830 ер адам және 816 әйел адам) құрады.2009 жылғы Қазақстан Республикасы халқының Ұлттық санағының қорытындылары. Астана 2011. 1 том

2021 жылғы санақ қорытындысы бойынша 1249 адамды (651 ер адам және 598 әйел адам) құрады.2021 жылғы ұлттық халық санағының қорытындылары

Тарихы 1963-1997 жылдары “Красногор” асыл тұқымды жылқы өсіру кеңшарының орталығы болды. Оның негізінде Қызылобада және округтегі Айтпай, Төртқұлақ ауылдарында 42 шаруа қожалығы құрылған.Батыс Қазақстан облысы. Энциклопедия. — Алматы: «Арыс» баспасы, 2002 жыл. ISBN 9965-607-02-8

Дереккөздер

Санат:Жаңақала ауданы елді мекендері