Роберт Гордон Университеті Шотландияның Абердин қаласында орналасқан. 250 жылдан бері білім беру саласында қызмет етіп келеді, ал университет атағы 1992 жылы берілген болатын. Бүгінгі күні Роберт Гордон Университетінің Garthdee және City Centre кампустарында шамамен 15,579 студент бар. Олар бакалавр және магистр бағдарламалары аясында 145-тен аса курс бойынша оқиды.
The Sunday Times баспасы Роберт Гордон Университетін Шотландияның 2011 жылғы үздік Университеті деп және бітіруші түлектердің жұмысқа тұрып кету көрсеткіші бойынша үздік деп таныған болатын. Оның айтуынша: Оксфорд және Кембридж сияқты әлемнің атақты университеттері түлектерінің жұмысқа тұру көрсеткіші бойынша жоғарырақ, сонымен қатар зерттеу, университет студенттерінің ризашылық көрсеткіші бойынша, кампустарын дамыту тұрғысынан алдағы жоспарларының ауқымына қарай The Sunday Times Scottish University of the Year – деп танимыз".The Sunday Times, 12 September 2010 (subscription only)
Тарихы 1720 жылы Польшадағы керемет жетістіктерден соң Роберт Гордон Абердинге демалысқа шағады. 11 жылдан соң, дүниеден өтер алдында бар қаражатына ер балаларға арналған мектеп салуды аманаттайды.
1750 жылдың жазында Robert Gordon's Hospital құрылады. Бұл жерде Абердин Бургестерінің балалары мен немерелеріне негізгі білім берілді.
1881 жылы Роберт Гордон Колледжі деген атпен күндізгі білім беру ордасына ауыстырылды. Сонымен қатар бұл мектепте ұлдар мен қыздар қатар оқып, негізгі және орта мектептің, механика мен басқа пәндер бойынша үлкендерге де сабақ жүргізіле бастады. Бұл сабақтардың көпшілігі Aberdeen Mechanics' Institute пен келісілгеннен соң ғана енгізілді, мұнда ғылыми, техникалық, коммерциялық клерктер үшін пәндер оқытылды.
1884 жылы Абердин механика институтының барлық оқу жұмысы мен пәндері колледжге ауыстырылды. Сол уақыт шамасында жергілікті кәсіпкер John Gray ғылым және өнер мектебін құруды ұсынды. Кейін жергілікті билік бұл факультеттті Gray's School of Science and Art деп атады.
1903 жылы Scotch Education Department Шотландық білім беру бөлімі Колледжде жоқ мамандықтарға арнап оқу бағдарламасын дайындады. Бұл кезден бастап оқу орны Robert Gordon's Technical College' – деп өзгерді. Robert Gordon's Institute of Technology немесе RGIT ретінде танымал болған университетің атауы 1965 жылы берілді.
1991 жылы The Robert Gordon Institute of Technology деп оқу орынның атауы қайта өзгерді. Осы кезде ол Шотландияның ең ірі орталық университеті нің бірі болды. 1992 жылы RGIT университет атағын алды, ал атауы The Robert Gordon University' деп өзгерді. Оның алғашқы ректоры Sir Robert Reid болды.
Robert Gordon's mercantile adventures founded a strong and remarkably modern belief that his investment in the education of his townsfolk would equip them with the skills and knowledge to strengthen their success in Europe and further afield.
Абердин қаласынада РГУ дан басқа Абердин Университеті бар. 2002 жылы екі университетті біріктіру туралы біраз талқылау жүрді. Дегенмен екі университет тәуелсіз болып қалуды қалады.
Орналасуы
Garthdee кампусы қаланың оңтүстігінде Ди (Dee) өзенінің бойында орналасқан. Кампусқа соңғы жылдары үлкен көлемді инвестиция құйылды. Алғашқы болып Абердин бизнес мектебі болатын, оның құрылысын әйгілі архитектор Норман Фостер компаниясы жасаған. Ғимарат 1998 жылы пайдалануға берілді. Денсаулық және Әлеуметтік қорғау факультетінің ғимараты Абердиннің архитекторы Халлидэй Фразер Манроның жобасымен салынып, 2002 жылы пайдалануға берілген болатын. Сонымен қатар Роберт Гордон Университеті соңғы үлгіде жабдықталған Спорт орталығын да салды. Оның жобасын 2005 жылы Thomson Craig & Donald компаниясы жасаған. Орталық алуан түрлі спорт түрлері бойынша, науқастарды реабилитациядан өткізуге арналған физиотерапиялық жаттығуларға арналған. Кампустың үш ғимараты ‘University Street’ бойында орналасқан, бұл Норман Фостер жасаған концепция болатын.
Студенттер мен мамандықтар Мұнда шамамен 15,579 студент бар. Олар толық және сырттай 145 мамандық бойынша бакалавриат мен магистратура бойынша білім алуда. The Times Good University Guide 2011 және The Guardian айтуынша бойынша RGU UK де түлектерінің жұмысқа тұрып кету көрсеткіші бойынша алғашқы екі университеттің бірі. Ол The Times and The Guardian пкірінше Best Modern University in the UK деп аталды.What the Papers Say 2010
Сырттай және іштей оқыту әдісі бойынша университет барлық мамандық бойынша интернет арқылы алыстан оқыту жүйесін кеңінен пайдаланады. Қазір онлайн жүйесі бойынша алуан түрлі мамандық бойынша 113 елде 8000 студент оқиды. +Ұлыбритания университеттерінің рейтингісі 2011 2010 2009 2008 2007 2006 2005 2004 2003 2002 2001 2000 1999 1998 1997 1996 1995 1994 1993Times Good University Guide 46League Tables 51Times University Guide 2010 54 55 56 58= 58 61 59 61 59= 59= 59 58 58 62= 74= 66= 83= Guardian University Guide 27 36 50The Guardian University Guide 2009 39 - 58 97 70 78 Sunday Times University Guide 54Sunday Times University Guide 2010 54 62 65 68 72 72 83= 101 96= 70 64 72 The Complete University Guide in association with The Independent 51 47The Independent University League Table 2010 61 55 The Daily Telegraph 55Daily Telegraph University League Table 89= FT 58 57 55 55
Дереккөздер
Сыртқы сілтемелер Robert Gordon University website RGU Student Association
Санат:Шотландия университеттері