нобай|солға|200px|Ауыл көшесі нобай|солға|200px|Төле би көшесі Подстёпное — Батыс Қазақстан облысы Теректі ауданындағы ауыл, Подстёпный ауылдық округі орталығы.
Географиялық орны Аудан орталығы - Теректі ауылынан оңтүстік-батысқа қарай 35 км-дей жерде орналасқан.
Халқы 1999 жылы тұрғындар саны 4675 адам (2278 ер адам және 2397 әйел адам) болса, 2009 жылы 6461 адамды (3158 ер адам және 3303 әйел адам) құрады.2009 жылғы Қазақстан Республикасы халқының Ұлттық санағының қорытындылары. Астана 2011. 1 том
2021 жылғы санақ қорытындысы бойынша 9562 адамды (4666 ер адам және 4896 әйел адам) құрады.2021 жылғы ұлттық халық санағының қорытындылары
Тарихы Іргесі 1959 жылы Орал қаласын бау-бақша, көкөніс өнімдерімен қамтамасыз ететін шаруашылық ретінде қаланған. Оның негізінде 1997 жылдан Подстепноеде және округке қарасты ауылдарда серіктестік, шаруа қожалықтары құрылған.«Қазақстан»: Ұлттық энциклопедия / Бас редактор Ә. Нысанбаев – Алматы «Қазақ энциклопедиясы» Бас редакциясы, 1998 ISBN 5-89800-123-9, VII том
Дереккөздер
Санат:Теректі ауданы елді мекендері Санат:Жайық казак әскерінің тарихи елді мекендері