thumb|right|200px|Есенгелді Өсербайұлы Қуандықов Есенгелді Өсербайұлы Қуандықов (25.5.1949 ж.т., Өзбекстан, Наманган қ.) – медицина ғылымдарының докторы (1990), профессор (2004), ҚР Білім беру ісінің үздігі (2009).
Дереккөздер Алматы мемлекеттік медицина институты (1972, қазіргі Қазақ ұлттық медицина университеті) бітірген. Ленинград (қазіргі Санкт-Петербург) мемлекеттік медицина институты (1972–73) мен Мәскеу қаласындағы КСРО Мед. ғылым академиясының медицина генетика институтының (1973–75) аспирантурасында оқыған. Алматы мемлекеттік медицина институттында ассистент (1975–76) Қазақстан Денсаулық сақтау мин-лігінің Акушерлік, гинекология және перинатология ғылым-зерттеу институтында лаборатория меңгерушісі (1976–92), ғылым жұмыстар жөніндегі институт директорының орынбасары (1989–90) Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік медицина академиясында кафедра меңгерушісі (1992–98), ғыл. (1994–96) және оқу (1996–2000) ісі жөніндегі проректоры Дүниежүзілік өркениет университетінің проректоры (2000–01) қызметтерін атқарды. 2001 жылдан Қазақ ұлттық медицина университеттінде кафедра меңгерушісі (ун-ттің оқу және тәрбие ісі жөніндегі проректоры, 2005–06). Қазіргі кезде С.Ж.Асфендияров атындағы қазақ ұлттық медицина университетінде жемісті еңбек етуде.
Ғылыми еңбектері 1990 ж. «Генетико-демографические процессы и показатели нарушений репродуктивной функции в городских популяциях Казахской ССР» деген тақырыпта доктор диссертация қорғады. 60-тан астам ғылым жарияланымның, оның ішінде қазақ және орыс тілдерінде жазылған 5 оқулықтың авторы.
Марапаттары «Құрмет Белгісі» орденімен (1986) марапатталған.“Қазақ Энциклопедиясы”
Дереккөздер
Санат:25 мамырда туғандар Санат:1949 жылы туғандар Санат:Наманғанда туғандар Санат:Медицина ғылымдарының докторлары Санат:Қазақстан білім беру ісінің үздіктері Санат:Асфендияров атындағы Қазақ ұлттық медицина университеті түлектері Санат:Санкт-Петербург мемлекеттік медицина институты түлектері Санат:КСРО Медицина ғылымдары академиясының медицина генетика институты түлектері Санат:Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік фармацевтика академиясы оқытушлырапы Санат:Дүниежүзілік өркениет университеті оқытушылары Санат:Асфендияров атындағы Қазақ ұлттық медицина университеті оқытушылары Санат:Асфендияров атындағы Қазақ ұлттық медицина университетінің профессорлары Санат:Құрмет Белгісі орденінің иегерлері