Еркін Сембекұлы Бөгенов (1936 жыл, Алматы облысы, Қарасай ауданы, Шамалған станциясы) – техника ғылымдарының докторы (1989 жылы), профессор (1991 жылы).
Өмірбаяны Қазақ тау-кен металлургия институтын (1960 жылы) бітірген. Қырғыз КСР-і Оңтүстік тау-кен комбинатында шебер, кен бөлімінің бастығы. Қазақ политехникалық институтында (қазіргі Қазақ Ұлттық техникалық университеті) доцент болды. Бүкілодақтық фосфор өнеркәсібі ғылыми-зерттеу институтында директордың орынбасары қызметін атқарды. Қазақ химия-технология институтында оқытушы, доцент, профессор (1981–91 жылдары). 1994 жылдан Қазақ Ұлттық техникалық университетінде кафедра меңгерушісі.
Ғылыми еңбектері 8 оқу құралының авторы.“Қазақ Энциклопедиясы”, 2 том
Дереккөздер
Санат:Техника ғылымдарының докторлары Санат:Қаныш Сәтбаев атындағы Қазақ ұлттық техникалық университеті түлектері Санат:Қаныш Сәтбаев атындағы Қазақ ұлттық техникалық университеті оқытушылары Санат:Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік университеті оқытушылары Санат:Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік университетінің профессорлары