Марқатау – Жетісу (Жоңғар) Алатауының солтүстік жоталары тобына кіретін тау жотасы. Батысында Қайрақкөл тауынан Сарқан өзенімен бөлінген, шығысында Кіші Басқан өзенімен шектелген.
Жер бедері Биіктігі 1602-850 м. Оңтүстік және оңтүстік-шығыс беткейлері көлбеу, ал солтүстік және батыс беткейлері тік және шатқалдары көп, төбесі тегіс.
Геологиялық құрылымы Тау палеозой эрасының герцин тау түзілу кезеңінде пайда болған, геологиялық жыныстары конгломерат, кристалды тақтатас, әктастар, төрттік шөгінділерден тұрады.
Климаты Климаты айқын континенттік. Жылдық жауын-шашын мөлшері 500-800 мм.
Өсімдігі, жануарлары Қызыл-қоңыр, қара топырақты таулы, далалы-орманды белдемінде селеулі, бетегелі шалғын, сирек бұта өседі. Әсіресе, таудың батыс бөлігінде көкбояу, итмұрын тәрізді жемісті бұталар жиі кездеседі. Борсық, суыр, қоян, түлкі, қасқыр, байғыз, жапалақ, сауысқан, тазқара, т.б. жан-жануарлар мекендейді.Қазақ энциклопедиясыҚазақ Энциклопедиясы|«Қазақстан»: Ұлттық энциклопедия / Бас редактор Ә. Нысанбаев – Алматы «Қазақ энциклопедиясы» Бас редакциясы, 1998 жыл. ISBN 5-89800-123-9, 6 том
Дереккөздер
Санат:Сарқан ауданы таулары Санат:Жетісу Алатауы