Швецов Александр Георгиевич (1942 жылы туған, Ресей, Пермь қаласы) – медицина ғылымының докторы (1992), профессор (1994). Қарағанды мемлекеттік медициналық институтын (1965, қазіргі Қарағанды мемлекеттік медицина академиясы) бітірген. Осы институтта ассистент (1965–1975), ғылыми-зерттеу секторының басшысы (1975–1979), доцент, профессор (1979–1992) болды. 1996 жылдан кафедра меңгерушісі қызметін атқарады. Ғылыми еңбектері жалпы гигиена мәселелеріне арналған. 80-нен астам ғылыми жарияланымның авторы.Қазақстан ұлттық энциклопедиясы
Дереккөздер: