Бұзартүзер , дәрілік авран () – бақажапырақ тұқымдасына жататын шабындықтарда, су жағаларында өсетін өте улы өсімдік. Шөбі кепсе де уы қайтпайды. Бұзартүзер жеген малдың іші өтіп, әлсірейді, кейде өліп қалады. Ел арасында бұл дәрі-дәрмекке — іш айдатуға, ішек құрттарын, глистерді түсіруге, шеменге, бауыр ауруына ем ретінде қолданылады.Т. Мұсақұлов, орысша-қазақша түсіндірмелі биологиялық сөздік І-том қазақ мемлекет баспасы, Алматы — 1959, Редакциясын басқарған: Биология ғылымының докторы профессор Т. Дарқанбаев Тағы қараңыз

Дереккөздер

Санат:Бақажапырақтар Санат:Дәрілік өсімдіктер Санат:Улы өсімдіктер