Тастыталды – Есіл алабындағы өзен.
Географиялық орны Ақмола облысы Жарқайың ауданының жерімен ағады.
Бастауы Жаңадала ауылының оңтүстік-батысындағы бұлақтардан басталып, Есіл өзеніне сол жағынан құяды.
Гидрологиясы Ұзындығы 72 км, су жиналатын алабы 1540 км2. Арнасы тік жарлы (2 – 4 м). Басты салалары: Бөріктал(Талдыбұйрат). Жер асты, жауын-шашын суларымен толығады, жазда иірімдерге бөлініп қалады. Суы ауыл шаруашылығына пайдаланылады.Қазақ энциклопедиясы
Дереккөздер
Санат:Жарқайың ауданы өзендері Санат:Есіл су алабы