Кеңгір ауылдық округі – Ұлытау облысы Жезқазған қалалық әкімдігіне қарасты әкімшілік бірлік.
Әкімшілік құрамы Құрамына Кеңгір, Қорғанбай ауылдары, №60, №366 темір жол айрықтары, Теректі, Түйемойнақ темір жол бекеттері кіреді. Орталығы – Кеңгір ауылы.«Қазақстан»: Ұлттық энциклопедия / Бас редактор Ә. Нысанбаев – Алматы «Қазақ энциклопедиясы» Бас редакциясы, 1998 жыл. ISBN 5-89800-123-9, X том Округ құрамында болған №310, №323, №335, №359, №370 темір жол айрықтары мен Рыбопитомник бөлімшесі 2010 жылы таратылған.Қарағанды облысы Жезқазған қаласының, Бұқар жырау, Нұра және Шет аудандарының әкімшілік-аумақтық құрылысындағы өзгерістер туралы
Халқы 2021 жылғы санақ қорытындысы бойынша 2721 адамды (1395 ер адам және 1326 әйел адам) құрады.2021 жылғы ұлттық халық санағының қорытындылары
Дереккөздер
Санат:Жезқазған қалалық әкімдігі ауылдық округтері