Майкөмген ауылдық округі — Атырау облысы Жылыой ауданындағы әкімшілік бірлік. Оңтүстігінде Маңғыстау облысымен, солтүстігінде Қосшағыл ауылдық округімен шектеседі.

Әкімшілік құрамы Құрамындағы жалғыз елді мекен әрі әкімшілік орталығы – Майкөмген ауылы"Қазақ энциклопедиясы", X том. Округ құрамында болған Аққұдық ауылы 2013 жылы таратылған.Атырау облысы Жылыой ауданы Қосшағыл селолық округінің Тұрғызба және Майкөмген селолық округінің Аққұдық елді мекендерін тарату туралы

Сипаттамасы Аумағы 78004 га. Жайылым 3243 га, басқалай жерлер 56867 га. Округ орталығы аудан орталығы Құлсары қаласынан оңтүстікке қарай 60 шақырым қашықтықта орналасқан. Округ аумағынан Атырау-Ақтау тас жолы, Атырау-Маңғыстау темір жолы өтеді.

Тарихы Жылыой ауданының Майкөмген ауылдық округі 2002 жылы Атырау облысы әкімінің 21.06.2002 жылғы №186 Қаулысы және 29.08.2002 жылғы №221-ІІ-ХІХ сессиясының шешіміне сәйкес Ақкиізтоғай селолық округінен бөлініп, бұрынғы асыл тұқымды «Коммунизм таңы» кеңшары аумағы негізінде құрылған.http://atyrau.gov.kz/page/read/Majkomgen_gil.html Майкөмген ауылдық округ әкім аппараты

Географиялық жағдайы Климаты қуаң, континенттік, жазы ыстық, қысы суық. Қаңтардың орташатемпературасы– 8ºС. Солтүстігінде - 14ºС, кейде - 30ºС дейінгі аязды күндер болады. Шілденің орташа температурасы +30-31ºС аралығында. Ауыл көлемі негізінен шөл-шөлейт аймақ зонасына жататындықтан ылғалы аз, жері ащы, сорлы жерлерге тән өсімдіктер өседі. Ауыл аумағындағы жануарлар дүниесінде негізінен кемірушілер, бауырымен жорғалаушылардың үлесі басым. Кездесетін негізгі жануарлар: қасқыр, түлкі, қарсақ, борсық, күзен, т.б.

Халқы 2021 жылғы санақ қорытындысы бойынша округтегі халық саны 1279 адамды құрайды.2021 жылғы ұлттық халық санағының қорытындылары +Елді мекенХалқы,адам (1989)Халқы,адам (1999)Халқы,адам (2009)Халқы,адам (2021) Майкөмген 940 1038 379 1279 Аққұдық 381 325 190 -

Ауылдық округтегі өндірістік кәсіпорындар, мекемелер және басқа құрылымдар шаруа қожалығы -14 пошта бөлімшесі -1 дүкендер -3 асхана, шайхана -2

Негізгі экономикалық және әлеуметтік көрсеткіштер мал саны барлығы: оның ішінде -9 512 бас - ірі мүйізді қара -1 887 бас - жылқы -566 бас - түйе -1 264 бас - қой және ешкі -5 795 бас ет өндіру -1 640 тонна сүт өндіру -740 тонна жүн өндіру -16,7 тонна

Мәдени-әлеуметтік сала аурухана -1 мектеп -1 кітапхана -1 автокөлік, барлығы -167Төлеуов Наурызбай. Ақкиізтоғай жылнамасы 1928-2018 жж. Атырау, «Ақ Жайық», 2022. ISBN 978-601-7876-78-4

Дереккөздер

Санат:Жылыой ауданы ауылдық округтері