Бөрі Исаев (1945 жылы туған, Арыс ауданы Қарааспан ауылы) – композитор, музыкатанушы.
1963 жылы Шымкент музыкалық училищесін, 1971 жылы Құрманғазы атындағы консерваторияны бітірген. 1963 жылы Жетісай халық оркестрінің дирижері, 1972 – 96 жылдары Жетісай қазақ музыка театрының бас дирижері болды. Жетісайдағы Сырдария университетінің Ән және саз кафедрасының меңгерушісі, доцент.
Оның 10-нан астам кітабы жарық көрген.
1967, 1972, 1976 жылдардағы Бүкілодақтық фестивальдардың лауреаты.
Мақтаарал ауданының құрметті азаматы.Оңтүстік Қазақстан облысының энциклопедиясы
Дереккөздер
Санат:1945 жылы туғандар Санат:Арыста туғандар Санат:Қазақстан сазгерлері Санат:Қазақстан музыкатанушылары Санат:Құрманғазы атындағы Қазақ ұлттық консерваториясы түлектері Санат:Мақтаарал ауданының құрметті азаматтары Санат:Шымкент саз колледжі түлектері