Серік Аймырзаұлы Алдашев (22 маусым, 1951, Арал қаласы) – ғалым, физика-математика ғылымдарының докторы (1990), профессор (1991), ҚР Жаратылыстану ғылым академиясының академигі. Новгород мемлекет институтын математика мамандығы бойынша бітірген (1973).

Өмірбаяны 1973 – 78 ж. Теміртау зауыт – ВТУЗ-да оқытушы, өтілгер-зерттеуші, аға оқытушы 1978 – 96 ж. Алматы көлік инженерлері институтында доцент, аға ғылыми қызметкер, кафедра меңгерушісі; 1996 – 2005 ж. Қазақ көлік және коммуникация академиясының «Жоғары математика» кафедрасының меңгерушісі. 2005 жылдан ҚазУПУ-да кафедра меңгерушісі.

Ғылыми еңбектері 70-тен астам ғылыми еңбегі, 1 монографиясы жарық көрген."Қазақ Энциклопедиясы"

Марапаттары «Қазақстан Республикасының білім беру ісінің құрметті қызметкері» (2001)https://www.kaznpu.kz/kz/1104/personal/ «Қазақстан ғылымындағы еңбегі үшін» (2009 ж.) Дереккөздер

Санат:22 маусымда туғандар Санат:1951 жылы туғандар Санат:Аралда туғандар Санат:Қазақстан математиктері Санат:Физика-математика ғылымдарының докторлары Санат:Қазақстан Жаратылыстану ғылым академиясының академиктері Санат:Новгород мемлекеттік институты түлектері Санат:Қазақ көлік және коммуникация академиясы профессорлары