Эверсманн Эдуард Александрович (23.1.1794, Вестфалия, Хаген қаласы – 14.4.1860, Ресей, Қазан қаласы) – табиғат зерттеушісі, зоолог. Санкт-Петербург Ғылыми Академиясының корреспондент мүшесі (1842). Жоғары білімді Германияда алған. 1814 жылы Галле қаласыннда философия саласы бойынша, 1816 жылы Дерпт қаласында медицинадан доктор диссертация қорғады. 1816 жылы Ресейге қоныс аударып, Златоуст қаласында дәрігер болып қызмет істеді (1818 – 20). Бірақ осы кезде зоология ғылымына еліктеп медицинаны тастап, 1828 жылы Қазан университетінің зоология және ботаника кафедрасына профессор болып ауысты. Эверсманн Эдуард Александрович 1820 – 1821 жылдары Бұхараға жасалған орыс экспедициясына қатысқан. Ол Арал – Каспий өңірі мен Батыс Қазақстанның табиғатын зерттеуші алғашқы ғалымдардың бірі. 1825 – 1826 жылдары Үстіртке экспедицияға шығып, сол жердегі сүтқоректілер, құстар және жәндіктер түрлеріне сипаттама берді, тіршілігі мен таралуын зерттеді. Қазақстанның фаунасында Эверсманн жармасқысы (Grossobamon eversmannі) және Эверсманн атжалманы (Allocrіcetulus eversmannі) бар.«Қазақстан»: Ұлттық энцклопедия / Бас редактор Ә. Нысанбаев – Алматы «Қазақ энциклопедиясы» Бас редакциясы, 1998 ISBN 5-89800-123-9, X том;
Дереккөздер
Санат:Ресей саяхатшылары Санат:Ресей зоологтары Санат:Ресей ботаниктері Санат:1794 жылы туғандар Санат:1860 жылы қайтыс болғандар