Полатқосшы ауылдық округі – Жамбыл облысы, Жамбыл ауданындағы әкімшілік бірлік.

Әкімшілік құрамы Құрамына Жалпақтөбе ауылы кірді. Орталығы Жалпақтөбе ауылы болды.«Қазақстан»: Ұлттық энциклопедия / Бас редактор Ә. Нысанбаев – Алматы «Қазақ энциклопедиясы» Бас редакциясы, 1998 жыл. ISBN 5-89800-123-9, X том Жер көлемі - 42749 га. 2024 жылы округ құрамында болған Жалпақтөбе ауылы таратылып, Тараз қаласына қосылды.Тараз қаласына іргелес аудандардан 14 ауыл қосылады

+ Халқының саны (2009, 2021)2021 жылғы ұлттық халық санағының қорытындылары Елді мекен 2009 2021 2021 2009-ға пайызбен Ерлер 2009 Ерлер 2021 2021 2009-ға пайызбен Әйелдер 2009 Әйелдер 2021 2021 2009-ға пайызбен Жалпақтөбе ауылы 8394 9833 117,1 4148 4961 119,6 4246 4872 114,7

Ауылдық округте Чкалов атындағы орта мектеп, ауылдық клуб, кітапхана, дәрігерлік амбулатория бар.

Ауыл маңы Ақби қыстауы - адам атымен аталған. Ақшолақ - тау сілемі беткейіндегі жазғы жайылымда ауылдық округтен 60 км жерде құрылысы белгісіз себептермен бітпей қалған Ұлы Жібек жолының бойында орналасқан Ақыртас - ежелгі құрылыс орыны бар. Алмалы - тау ішіндегі жабайы алмасы бар мал жайылымы. Байбота, Едіге - Мойынқұм өңіріндегі қысқы қыстау. Жікіл кенті - Жалпақтөбе ауылынан 2 км қашықтықта 12-ғасырға дейін өмір сүрген қаланың орны. Атауы түркі тайпасының атауынан шыққан. Көкой - құмның ортасындағы оазис сияқты көкорай ой, негізінен көктемгі жаңбыр суы жиналып, аумақ көк шалғынды, қамысты болып тұрады. Қыршынды - мал жайылымы, бүгін шөбін қырып шауып алғанына қарамастан ертеңіне шөптің қаулап шығуына байланысты қойылған атау, қазіргі Ақбастау ауылдық округіне қарасты Бірлесу еңбек ауылының оңтүстік батысындағы жер, бірақ малының көптігіне байланысты қазіргі "Юнчи" ӨК-не берілген. Қырғауылды - мал жайылымы қырғауыл құсының көптігінен қойылған. Мойынқұм құмы (Мойынға ұқсап иіліп жатқандықтан шыққан атау) өңірінде қысқы мал жайылымдары. Елқаттаған - 1927 жылы құмдағы мал-жанды есепке алу мақсатында тізімін жасаған, соған байланысты елді мекен атауы туған. Тектұрмас кесенесі - ауылдың күншығыс жағында Талас өзенінің оң жағалауындағы төбенің үстінде орналасқан. Ол жерде Әулие Сұлтан Махмуд Хан жерленген, ХІV ғасырдың көзі. Семізсаз жайылымы - Мойынқұм өңірінде шөбі шүйгін, мал оңалатын сазды жер. Сарықамыс - аудан шаруашылықтары жекешелендірілгенге дейін ауданның мал өсіретін шаруашылықтарының қысқы қыстаулары болған.Жамбыл облысының топономикалық атауларының анықтамалығы

Дереккөздер

Санат:Жамбыл ауданы (Жамбыл облысы) ауылдық округтері