Регистр( ) — музыкалық аспаптар немесе әнші дауысының белгілі бір биіктікте орналасқан дыбыс диапазонының бөлігі. Кейбір үрмелі және тілді музыкалық аспаптарда — бірыңғай тембрдегі түтіктер тобы.
Регистр үшке бөлінеді: жоғарғы регистр ортаңғы регистр төменгі регистр
Әр регистрдің дыбыс бояуы (тембрі) әртүрлі болады. Орган музыкалық аспабының дыбыс шығаратын және түрлі бұрауға түсірілген трубаларын да Регистр дейді. Бірақ мұндағы дыбыс бояуы бірдей. Муз. аспаптың қай-қайсысының да болсын негізгі үш Регистрі болады. Мысалы: Регистр фортепиано клавиатурасында былай орналасады: субконтроктава, контроктава және үлкен октава — төм., кіші және бірінші октава — ортаңғы, екінші, үшінші және одан жоғары қарай — жоғ. Регистр құрайды. Регистр әнші дауысында дауыс тембріне, диапазонына қарайды. Сондықтан әншілер дауысы сопрано, тенор, меццо-сопрано, баритон, контральто, бас деп жоғ., ортаңғы және төм. дауыстарға бөлінеді.Қазақша энциклопедия 7 том.Қазақ мәдениеті. Энциклопедиялық анықтамалық. Алматы: “Аруна Ltd.” ЖШС, 2005 ISBN 9965-26-095-8
Дереккөздер
Санат:Музыкалық терминдер