Петр Иванович Кафаров«Қазақстан»: Ұлттық энцклопедия / Бас редактор Ә. Нысанбаев – Алматы «Қазақ энциклопедиясы» Бас редакциясы, 1998 ISBN 5-89800-123-9, IV том (монахтық есімі – Палладий) (29.9.1817 – 18.12.1878) – орыс шығыстанушысы. Қазан семинариясы мен Санкт-Петербургтің діни академиясында оқыған. 1840 жылы діни миссия құрамында Пекинге жіберіліп, сонда ара-кідік үзілістермен 38 жыл тұрды. Ғылыми зерттеулері Қытайдың, Моңғолияның ежелгі заманғы және орта ғасырлардағы тарихын, маньчжурлардың, қидандардың, тағы басқа көшпелі тайпалардың тарихын зерттеуге арналған. “Шыңғыс хан туралы ертедегі моңғол аңызы”, “Даос монахы Чан Чунның Батысқа саяхаты” (1866), “Шыңғыс хан туралы ертедегі қытай аңызы” (1877) атты қытай тіліндегі жазбаларды орыс тіліне аударды. Бұл еңбектер – кезінде жоғары бағаланды. Моңғолия арқылы Қытайға жасаған саяхаты, Пекинде болған кезінде жазған күнделіктері бұл елдердің тарихы мен географиясы туралы құнды деректер берді. Ол құрастырған “Қытай-орыс сөздігі” (1 – 2 бөл., 1888, өлгеннен кейін шәкірті П.С. Попов аяқтады) мәнді ғылыми еңбек болып бағаланды

Дереккөздер

Санат:Тұлғалар