Кемсіну, кемсіту – адам мінезіндегі ұнамсыз қылықтың бір түрі; өзгелерді менсінбеу, қорлау, оларды өзінен төмен санау. Мұндай қылық адамның жөнсіз тәкаппарлығын, өркөкіректігін білдіреді. Қиналған, тапшылық көрген, жетімсіз адамдардың іс-әрекеті мен мінез-құлқындағы кемшіліктерін кемсіну адамгершілікке жатпайды. Адам мінезіндегі өзгелерді кемсіну сезімі, психологиялық тұрғыдан алып қарағанда, гуманистік көзқарастарға кері қатынасты білдіретін сипат.«Қазақстан»: Ұлттық энцклопедия / Бас редактор Ә. Нысанбаев – Алматы «Қазақ энциклопедиясы» Бас редакциясы, 1998 ISBN 5-89800-123-9, IV том

Дереккөздер: