Тобылғысор – Ертіс алабындағы көл.

Географиялық орны Павлодар облысы Ақтоғай ауданы жерінде, Жалаулы көлінің шығысына қарай 40 км жерде. Көл теңіз деңгейінен 91,3 м биіктікте орналасқан.

Гидрографикасы Ауданы 32,3 км2, ұзындығы 21,0 км, енді жері 3,5 км, жағалық сызығы 55 км. Су жиналатын алабы 110 км2. Су мол жылдары маңындағы Мыңшұңқыр, Шағынсор, т.б. көлдермен қосылып кетеді. Өте қуаң жылдары құрғап қалады. Жауын-шашын, қар суымен толығады.

Жағалау сипаты Құмды, саздақты жағалауы жазық. Суы тұзды, ащы, тек көктем мен жаз басында ғана мал суарылады. Алабы жайылым.Қазақстан табиғаты:Энциклопедия / Бас ред. Б.Ө.Жақып. - Алматы:" Қазақ энциклопедиясы" ЖШС, 2011. Т.З. - 304 бет. ISBN 9965-893-64-0 (Т.З.), ISBN 9965-893-19-5

Дереккөздер

Санат:Ақтоғай ауданы (Павлодар облысы) көлдері Санат:Ертіс су алабы