Жәпек батыр ауылы — Алматы облысы Іле ауданы, Ащыбұлақ ауылдық округі құрамындағы ауыл.

Географиялық орны Аудан орталығы - Өтеген батыр ауылынан батысқа қарай 10 км-дей жерде, Үлкен Алматы өзенінің бойындағы Бірінші мамыр тоғандары бойында орналасқан.

Халқы + Саны (1999, 2009, 2021)2009 жылғы Қазақстан Республикасы халқының Ұлттық санағының қорытындылары. Астана 2011. 1 том 2021 жылғы ұлттық халық санағының қорытындылары1999 2009 2021 2021 2009-ға пайызбен Ерлер 2009 Ерлер 2021 2021 2009-ға пайызбен Әйелдер 2009 Әйелдер 2021 2021 2009-ға пайызбен46167238 12470 172,3 3571 6416 179,7 3667 6054 165,1

Тарихы Іргесі 1948 жылы Түймебаев атындағы жеміс-жүзім кеңшарының құрылуына байланысты қаланған. 1999 жылға дейін “12 Декабрь” ауылы аталып келді. Кеңшар негізінде 1997 жылдан өндірістік кооператив, серіктестіктер мен шаруа қожалықтары жұмыс істейді.

Инфрақұрылымы Орта мектеп, клуб, кинотеатр, фельдш.-акушерлік және дәрігерлік-амбулаторлық пункттер бар. Тұрғындары көрші елді мекендермен автомобиль жолыарқылы қатынасады.Қазақ энциклопедиясы

Дереккөздер

Санат:Іле ауданы елді мекендері