Георгий Александрович Товстоногов (28.9.1915 жыл, Тбилиси қаласы – 25.5.1989 жыл, Санкт-Петербург қаласы) – режиссер, КСРО (1957) және Грузин КСР-інің (1975) халық артисі, өнертану докторы (1968), Социалистік еңбек ері (1983).

Өмірбаны 1938 жылы Мәскеу мемлекеттік театр өнері институтының режиссерілік факультетін (профессор А.М. Лобанов пен А.Д. Поповтың жетекшілігімен) бітірді. Сахналық өнер жолын 1931 жылы Тбилиси орыс мемлекеттік академиясы балалар мен жасөспірімдер театрында актер және режиссердің ассистенті ретінде бастады. Осы театрда 1934 жылы алғаш рет Н.В. Гогольдің “Yйлену” комедиясын сахнаға шығарды. 1937 жылы оның әкесі репрессияға ұшырап, 4-курстан шығарылды. Алайда, көп ұзамай оқуға қайта келді. Бұдан кейін Тбилиси (1938 – 1946) Мәскеу (1946 – 1949) Ленинград (қазіргі Санкт-Петербург, 1950 – 1989) қалаларындағы орыс театрларында жемісті қызмет етті. Ол Ленинград театрында 1950 жылы режиссер, келесі жылы Ленин атындағы комсомолдың бас режиссері болды. Ол осы театрда 1955 жылы орыс жазушысы Всеволод Вишневскийдің «Оптимистік трагедия» атты спектаклін сәтті ойнап шықты.

Осы заманғы тақырыпқа қойылған спектакльдері қуатты публицистік және жарқын театрлық бояуының молдығымен ерекшеленсе, ал классикалық туындылар бойынша қойған спектакльдері жаңа режиссерлік шешімі мен терең философиялық ойға толы болды. 1947 жылы Алматы қаласында болып, әскери тақырыпқа жазылған Б.Ф. Чирсковтың “Жеңімпаздарын” Қазақ мемлекеттік академиясы драма театры мен Орыс мемлекеттік академиясы драма театрында қойып, республикалық театр өнерінің дамуына елеулі үлес қосты. Осы спектакльде Қ.Бадыров, Қ.Қуанышбаев, С.Телғараев, С.Н. Сериков, П.О. Кайров, В.Б. Харламова, т.б. актерлер ойнап, өз уақытына лайықты сәтті сахналық бейнелер жасады. Товстоногов режиссерлік өнердің теориясы мен тәжірибесі туралы 2 бөлімді “Сахна айнасы” атты кітаптың (1984) авторы. 1939 жылдан педагогикалық қызметпен шұғылданды. 1962 жылдан өмірінің соңына дейін бұрынғы Ленинградтың театр, музыка және кинематография институтының (қазіргі Санкт-Петербургтің Мемлекеттік театр өнері академиясы) режиссура кафедрасын (1960 жылдан профессор) басқарды.

Марапаттары КСРО Мемлекеттік сыйлығын (1950, 1952, 1968, 1978) Ленин сыйлығын(1956) алған. 4 рет Ленин орденімен Еңбек Қызыл Ту орденімен медальдармен марапатталған.Қазақ ұлттық энциклопедиясы, 18 томӨнер: Жалпы білім беретін мектептің жаратылыстану-математика бағытындағы 11-сыныбына арналған оқулык/Қ.Болатбаев, Е.Қосбармақов, А.Еркебай. — Алматы: "Мектеп" баспасы, 2007. ISBN 9965-33-998-8Қазақ мәдениеті. Энциклопедиялық анықтамалық. Алматы: “Аруна Ltd.” ЖШС, 2005 ISBN 9965-26-095-8

Дереккөздер

Санат:28 қыркүйекте туғандар Санат:1915 жылы туғандар Санат:Тбилисиде туғандар Санат:23 мамырда қайтыс болғандар Санат:1989 жылы қайтыс болғандар Санат:Санкт-Петербургте қайтыс болғандар Санат:КСРО театр режиссерлері Санат:Ресей театр режиссёрлері Санат:XX ғасыр театр режиссерлері Санат:Грузия театр режиссерлері Санат:КСРО театр педагогтары Санат:Ресей театр педагогтары Санат:Грузия театр педагогтары Санат:Социалистік еңбек ерлері Санат:Ленин орденінің иегерлері Санат:Еңбек Қызыл Туы орденінің иегерлері Санат:КСРО халық әртістері Санат:Лениндік сыйлықтың иегерлері Санат:КСРО мемлекеттік сыйлығының иегерлері Санат:Сталиндік сыйлықтың иегерлері Санат:Ресей мемлекеттік сыйлығының иегерлері Санат:Өзбекстанның еңбек сіңірген әртістері Санат:Грузия халық әртістері Санат:Грузияның еңбек сіңірген өнер қайраткерлері Санат:Дағыстан халық әртістері Санат:Өнертану докторлары Санат:Тбилисидің құрметті азаматтары Санат:Санкт-Петербург мемлекеттік театр өнері академиясының профессорлары Санат:КСРО Жоғарғы Кеңесінің 7-шақырылымының депутаттары Санат:КСРО Жоғарғы Кеңесінің 8-шақырылымының депутаттары