Жыланды — Жетісу облысы Алакөл ауданындағы ауыл, Жыланды ауылдық округі орталығы.

Географиялық орны Аудан орталығы – Үшарал қаласынан оңтүстік-батысқа қарай 80 км жерде, Жетісу (Жоңғар) Алатауының солтүстік сілемдерінен басталатын Шынжылы өзенінің жағалауындағы бұта аралас қылқан боз, селеу, бидайық, сұлыбас өскен қара қоңыр топырақты ылғалды-қоңыржай агроклиматтық белдемде орналасқан.

Халқы + Саны (1999, 2009, 2021)2009 жылғы Қазақстан Республикасы халқының Ұлттық санағының қорытындылары. Астана 2011. 1 том 2021 жылғы ұлттық халық санағының қорытындылары1999 2009 2021 2021 2009-ға пайызбен Ерлер 2009 Ерлер 2021 2021 2009-ға пайызбен Әйелдер 2009 Әйелдер 2021 2021 2009-ға пайызбен10441427 1059 74,2 750 540 72 677 519 76,7

Тарихы Іргесі 1936 жылы К.Маркс атындағы қой кеңшарын ұйымдастыруға байланысты қаланды. Оның негізінде 1997 жылдан серіктестіктер мен шаруа қожалықтары құрылған.

Инфрақұрылымы Орталау мектеп, клуб, кітапхана, фельдш.-акушерлік пункт, т.б. мекемелер бар. Тұрғындары көрші елді мекендермен автомобиль жолы арқылы қатынасады.

Дереккөздер

Санат:Алакөл ауданы елді мекендері