Сасыр () – шатыршагүлділер тұқымдасына жататын көпжылдық монокарпты және поликарпты шөптесін өсімдіктер.
Қазақстанның далалық, шөлді және таулы аймақтарында өсетін 48 түрі кездеседі, оның 20-сы — эндемиктер. Бұлардың биіктігі 30 — 90 см, кейде 2 м-дей болады. Сабағы жуан, жапырағы қауырсын тәрізді, шеті тілімденген. Гүлі ұсақ, сары, ақшыл сары түсті, қос жынысты, шатырша гүлшоғырына топталған. Мамыр — маусым айларында гүлдеп, шілде — тамызда жеміс салады. Тұқымы — дәнек. Көпшілік түрлерінің, мысалы: сасық сасыр (F. foetіda), шайыр сасырдың (F. schaіr немесе F. Varіa) құрамында шайыр көп. Эфир, камедь (жеміс ағаштары зақымданғанда қабығынан бөлінетін, тез қатып қалатын қоймалжың шырыш) түзетін өсімдіктер, сондықтан оларды дәрі жасау үшін қолданады, жемшөпке қосып, малға береді. Сүмбіл сасырдың (F. moschata) тұқымының құрамында жұпар иіс шығаратын эфир майы болады, оны парфюмериялық өнімдер жасауда пайдаланады. Кейбір түрінің тамыры крахмалға бай, оны тағамға қосады. Қаратауда Боралдай сасыры (Ferula karatavica) деген түрі кездеседі.[] Сасырдың ірі жапырақтары құнарлы мал азығы болып саналады. 7 түрі: ақжолақ сасыр, тегіс сасыр (F. glaberrіma), Іле сасыры (F. іlіensіs), ксероморфты сасыр (F. xeromorpha), орамалы сасыр (F. іnvolucrata), Сөгеті сасыры (F. sugatensіs) және Тауқұм сасыры (F. taucumіca) Қазақстанның “Қызыл кітабына” енгізілген.Қазақ Энциклопедиясы, 7 том
Тағы қараңыз Асафетида Итқұсық
Дереккөздер
Санат:Шатыршагүлділер