Трансазиялық темір жол магистралі, кең табанды магистраль. Ол Стамбұл – Анкара (Түркия) – Тебриз – Тегеран – Керман – Захедан (Иран) – Кветта – Лахор (Пәкстан) – Дели – Канпур – Каликут (Үндістан) – Дакка – Читтагонг (Бангладеш) қалаларын байланыстырады. Транзакциялық темір жол магистралі Азияның 5 мемлекетін жалғастырады. Жалпы ұзындығы 7,0 мың км, Түркияда 1848 км, Иранда 2465 км, Пәкстанда 600 км, Үндістанда 1940 км, Бангладеште 530 км. Магистраль Армения темір жол желісімен (Анкара – Сивас – Эрзурум – Гюмри, 1,3 мың км-ден астам), Тебриз – Джульфа (138 км) тармағымен байланысқан. Түркияда (Эдирне) трансеур. “Батыс – Шығыс” магистралімен түйіседі.«Қазақстан»: Ұлттық энцклопедия / Бас редактор Ә. Нысанбаев – Алматы «Қазақ энциклопедиясы» Бас редакциясы, 1998 ISBN 5-89800-123-9, VIII том
Сілтеме
Санат:Темір жол