Шақпатас — ірі сынықты, болбыр шөгінді тау жынысы. Сынықтары қырлы, ірілігі 1 — 10 см аралығында. Шақпатастар негізінен кайнозой шөгінділерінің арасында кездеседі. Жаратылысы жағынан элювийлік, делювийлік, кейде тасқындық және мұздықтық болып келеді. Оларды құрылыс материалы ретінде жол салуда кеңінен пайдаланады.Қазақ Энциклопедиясы, 9 том 18 бөлім Сілтемелер Пышақ Кайнозой Мезозой Дереккөздер

Санат:Шөгінді тау жыныстары