Тасшымшықтар () — сайрауықтар тұқымдасына жататын құстардың туысы. Еуропа, Африка және Азияда (тек тропиктік аймақтарда кездеспейді) мекендейтін 22 түрі бар. 1 түрі Солтүстік Американың арктикалық белдеулерінде тіршілік етеді.Дене тұрқы 14 — 18 см, тұмсығы жіңішке, бекитін жеріне қарай кеңейеді. Аяқтары мықты, жерде секіріп жүреді. Жыл құсы. Ұяларын жыраларға, шатқалдардың жарығына, тұрғызылып жатқан құрылыстарға салып, кейде кеміргіштердің ескі індерін де пайдаланады. Ұясында 4 — 8 көгілдір түсті жұмыртқалары болады. Шақшақайлар — жәндік қоректі құстар.Қазақ Энциклопедиясы, 9 том 18 бөлім

Түрлері Қазақстанның барлық аймақтарына таралған 7 түрі белгілі: кәдімгі тасшымшық (Oenanthe oenanthe) қасқа тасшымшық (Oenanthe pleschanka) испан тасшымшығы (Oenanthe hispanica) қара тасшымшық (Oenanthe picata) қараалқымды тасшымшық (Oenanthe finschii) шөл тасшымшығы (Oenanthe deserti) шыбжың тасшымшық (Oenanthe isabellina)

Дереккөздер

zh:水芹属