Кеңдала — Алматы облысы Талғар ауданындағы ауыл, Кеңдала ауылдық округі орталығы.
Географиялық орны Аудан орталығы – Талғар қаласынан солтүстік-батысқа қарай 4 км-дей жерде, Талғар өзенінің жағалауында, бұта аралас әр түрлі астық тұқымдас шөптер өскен қоңыржай ылғалды агроклиматтық белдемде орналасқан.
Халқы + Саны (1999, 2009, 2021)2009 жылғы Қазақстан Республикасы халқының Ұлттық санағының қорытындылары. Астана 2011. 1 том 2021 жылғы ұлттық халық санағының қорытындылары1999 2009 2021 2021 2009-ға пайызбен Ерлер 2009 Ерлер 2021 2021 2009-ға пайызбен Әйелдер 2009 Әйелдер 2021 2021 2009-ға пайызбен28168474 16878 199,2 4278 8283 193,6 4196 8595 204,8
Тарихы Іргесі 1959 жылы “Алматы” жылқы шаруашылығын ұйымдастыруға байланысты қаланды. 2000 жылға дейін "Раздольное" деп аталған. Оның негізінде 1997 жылдан Кеңдалада “Кеңдала” ЖШС-і және бірнеше шаруа қожалықтары ұйымдастырылды.
Инфрақұрылымы Орта мектеп, клуб, мәдениет үйі, кітапхана, фельдшерлік-акушерлік пункт, т.б. мекемелер бар. Тұрғындары көрші елді мекендермен автомобиль жолы арқылы қатынасады.Қазақ энциклопедиясы
Дереккөздер
Санат:Талғар ауданы елді мекендері