Степановка — Қостанай облысы Меңдіқара ауданы, Михайлов ауылдық округі құрамындағы ауыл.
Географиялық орны Аудан орталығы – Боровской ауылынан оңтүстікке қарай 20 км-дей жерде, орманды дала белдемінде орналасқан.
Халқы 1999 жылы ауылдың тұрғындары 1415 адам (680 ер адам және 735 әйел адам) болса, 2009 жылы 1227 адамды (602 ер адам, 625 әйел адам) құрады.2009 жылғы Қазақстан Республикасы халқының Ұлттық санағының қорытындылары. Астана 2011. 1 том
Тарихы Іргесі 20 ғасырдың бас кезінде қаланды. 1936-96 жылы астық өсірумен айналысатын ұжымшардың орталық болған. Ұжымшар негізінде Степановкада және округтегі елді мекендерде шаруа қожалықтары құрылды.
Дереккөздер
Санат:Меңдіқара ауданы елді мекендері