Мемлекеттiк табиғи резерват — табиғи кешендердiң биологиялық саналуандығын және олармен байланысты табиғи және тарихи-мәдени объектiлердi күзетуге, қорғауға, қалпына келтiруге және сақтауға арналған жердегi және судағы экологиялық жүйелердi қамтитын табиғат қорғау және ғылыми мекеме мәртебесi бар ерекше қорғалатын табиғи аумақ.

Қазақстанда қазіргі уақытта 5 резерват ұйымдастырылған.

Қазақстан Республикасының “Ерекше қорғалатын табиғи аумақтар туралы” Заңының (2006 ж.) 50-бабында мемлекеттік табиғи резерваттар табиғат қорғау және ғылыми мекемелер қатарына жататындығы және олар өз аумағындағы сулы алқаптардың және құрлықтағы экожүйелерді қорғау мақсатында ұйымдастырылатыны айрықша атап көрсетілген.

Резерваттар тізімі Кестеде резерваттар құрылған уақытына сәйкес келтірілген.

#СуретАтауыҚұрылған жылыКөлемі, гаОрналасқан жерi 1 150px «Ертіс орманы» мемлекеттік орман табиғи резерваты 2003 277 961 Павлодар облысы 2 150px «Семей орманы» мемлекеттік орман табиғи резерваты 2003 662 167 Шығыс Қазақстан облысы 3 150px Ырғыз-Торғай мемлекеттік табиғи резерваты 2007 763 549 Ақтөбе облысы 4 150px «Ақжайық» мемлекеттік табиғи резерваты 2009 111 500 Атырау облысы 5 150px «Алтын дала» мемлекеттік табиғи резерваты 2012 489 766 Қостанай облысы

Ұлттық парктер орналасуы картасы

Сыртқы сілтемелер «Республикалық маңызы бар ерекше қорғалатын табиғи аумақтардың тiзбесiн бекiту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің Қаулысы

Санат:Қазақстан ерекше қорғалатын табиғи аумақтары

Санат:Қазақстан бойынша тізімдер